Инклюзивті білім беру бағытындағы облыстық семинар

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Облыстық Білім басқармасы мен «Жезқазған индустриалдық-гуманитарлық колледжі» бірлесе қолға алған семинардың негізгі мақсаты: мектеп және колледж деңгейінде инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар үшін қолайлы жағдай жасау. Бүгінде Ұлытау облысы бойынша: психологиялық медициналық педагог кеңесін қажет ететін 2089 бала тіркеуде тұр, оның 477 нің зиятында бұзылыстар анықталған. 

Семинар барысында инклюзивті білім беру бағытындағы үздік тәжірибелер мен жаңа әдістер кеңінен талқыланды. Бұл ретте мектеп бағдарламасындағы әдіс-тәсілдер үлкен маңызға ие. 

Семинар қатысушылары үшін психологиялық тренингтер мен арнайы секция алаңдары ұйымдастырылды. Сала мамандары ерекше балаларға – ерекше қолдау қажет деген пікірде.


Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы

«ҰЛЫТАУ» телеарнасы



Пікірлер (0)

пікір қосу

Бейне-репортаждар

показать еще