ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕСІ БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Сурет байқауын Ұлытау облысы бойынша Экология департаменті “Kazakhmys Smelting” ЖШС-нің қолдауымен ұйымдастырды.Шараның басты мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып,қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу.


 

Шабдан ТЫНЫМБАЕВ Ұлытау облыстық экология департаменті басшысының м.а.

 

Қазіргі уақытта мынау экологияның тұрқсыздығына байланысты ауамыздың,топырақтың және суымыздың ластануына байланысты шараларды соны қалыптастыру,мына ересектердің ғана емес,жасөспірімдердің парызы деп есептеледі.

 

Балалар салған әр сурет – табиғатқа деген жүрек үнінің көрінісі. Олар өз еңбектерінде қоршаған ортаны қорғаудың маңызын, ластанған әлем мен таза әлемнің айырмасын көркем тілмен жеткізді. Жарқын бояулармен көмкерілген үздік жұмыстар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.


 

Артём ДОЛГОВ II орын иегері

 

Менің суретімде табиғаттың екі түрі бар.Бір жағы-зауыт пен түтін, ал екінші жағы-шуақты күн,кемпірқосақ,құстар мен көл.Бұл адамдар табиғатты аяласа жеріміз осындай әдемі болатынын көрсеткім келді.

 

Байқауға белсенді қатысқан балалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Айта кету керек, бұл дәстүрлі шараны Экология департаменті жыл сайын өткізіп келеді.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу