БАР ЖАНАРДЫ ЖАУЛАҒАН – ЖАЙДАРМАН

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ұлытау облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен бұл шараға облыс әкімімен қатар,құқық қорғау органдарының басшылары арнайы қатысты. Жайдарман ойыны мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Заң және тәртіп» идеологиясын қолдау аясында өткізіліп отыр.


 

Жасұлан ЕЛАМАНОВ Ұлытау облысының прокуроры


 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жариялаған Заң және Тәртіп идеологиясы еліміздің тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты бағдары. Бүгін тек жарыс емес,бұл достықтың, шығармашылықтың,ашық ойдың тойы. Әділқазылар алқасына салиқалы шешімдер,көрермендерге шат күлкі мен тамаша көңіл-күй тілеймін. Жайдарман жалынды жастардың жарқын күндері болсын!Жарыс әділ өтсін!Жеңіс лайықтыға бұйырсын!Барша командаларға сәттілік тілеймін!

 

«Жайдарман» – жастарды тәрбиелеп қана қоймай, қоғамдағы келеңсіз мәселелерді астарлы әзілмен жеткізетін ойын түрі.Ойынға Ұлытау және Қарағанды облыстарының 8 командасы қатысты.Олар сахнада өзекті мәселелерді тапқырлықпен,заң аясында әзілмен жеткізе білді.


 

Мирас САРУАР Ұлытау облысы прокурорының аға көмекшісі

 

Байқаудың басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыру, заңға құрметпен қарау мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күлкі терапиясы арқылы жеткізу

 

Ойын қортындысы бойынша Қарағанды облысынан келген «Амазонка» командасы әділқазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, бас жүлдені – 500мың теңге мен Ұлытау облысы прокурорының кубогын жеңіп алды.Олардың сахнадағы сенімділігі мен тапқырлығы көрерменді де,қазыларды да тәнті етті.

 

Мерей САЙЛАУБАЙ «Амазонка» командасының мүшесі

 

Біз Қарағанды облысының Евней Арыстанұлы Букетов Қарағанды университетінің атынан келіп тұрмыз.Ойынға 1,2 аптадай дайындалдық. Сахнаның реакциясы өте күшті болды,содан кейін біздің көңіл-күйіміз де,өзімізге сенімділік арта бастады. Алдағы жайдарман тобы ойынында, вышкадан шығып,сол жақтан чемпион болу бұйырса.

 

Сондай-ақ,жүлделі орындарды «Ұлытау жастары»,»Ұлытау облысының құрамасы» және «Политех жоғарғы колледжінің» командалары иеленіп,қаржылай сыйлықтарға ие болды. «Жайдарман жұлдызы», «Үздік ойыншы» , «Әмбебап ойыншы» номинациялары да өз иелерін тапты.Ұйымдастырушылар мұндай тәрбиелік мәні зор жобалардың алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу