«ПАРКТЕР ШЕРУІ» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Ulytautv 10-июн, 10:46 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ҰЛЫТАУ АУДАНЫ
Науқан – қоршаған ортаның тазалығына бірауыздан атсалысуға бағытталған. Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерге сол арқылы үлгі көрсетіп, табиғатты аялау жұмыстарын жандандыру басты міндет!Жалпы, «парктер шеруі» акциясы жылдың басында басталған. Бүгін соның қорытындысы шығарылды.
Ғалым ҚОЙШЫБАЕВ Ұлытау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры
Акция ерекше форматта өрбіді. Балалар табиғатты тазалап қана қоймады, сурет салды, түрлі ойындарға қатысты. Олар ойнай жүріп, қоршаған ортаны тазалауға өз үлестерін қосты. Мысалы, Нұржалғас осы күні өз қолымен жасаған құс ұясын әкеліп, паркке орнатты.
Нұржалғас БАЙҒАБЫЛ акцияға қатысушы
Құралай СОВЕТ акцияға қатысушы
Табиғатты қорғауға үлес қосқан оқушыларға алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үндейтін мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ