Инфекциялық орталықтағы бір күн

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қалалық инфекциялық орталықтың қабылдау бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейді. Дәрігерлер күн сайын 30-дан астам науқасты қабылдайды. Олардың 90 пайызы — балалар. Дене қызуының көтерілуі, ішек инфекциясы мен жіті респираторлық-вирустық инфекциымен шағымданушылар көп. Алдымен медициналық тексеру жүргізіліп, алғашқы көмек көрсетіледі. Қажет болған жағдайда науқастар ауруханаға жатқызылады.


 

Әнуар АБУОВ жұқпалы аурулар дәрігері

 

Жұмыс мұнда бір сәтке де тоқтамайды. Бір науқас қабылданып жатқанда, екінші топ аурухана ішінен орын дайындайды. Санитарлар бөлмені зарарсыздандырса, медбикелер құжаттарды реттейді.

 

Иә, олар күні-түні қара демей, хан демей, 24 сағат бойы ұйықтамай халық үшін қызмет етеді. Жұмыс арасында тіпті мызғып алатын да уақыттары жоқ. Дәрігердің әрқайсына алғыс айтуымыз керек-ақ. Өйткені олар – бейбіт күннің батырлары.


 

Инфекциялық орталықтың қабылдау бөліміндегі бір күн — бұл үздіксіз қозғалыс, жылдам шешімдер мен үлкен жауапкершілік. Әр науқастың артында – өмір мен үміт тұр. Әрбір қызметкер – өз ісіне жан-тәнімен берілген кәсіби маман. Ал ең қиын сәттерде де дәл осы мамандардың арқасында балалар мен ересектер сауығып, қалыпты өмірге қайта оралу мүмкіндігіне ие болады.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу