Қатер қайдан демеңіз...

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті соңғы бес жылда республика аумағындағы су айдындарында 1148 адамның қаза тапқанын айтады. Оның 333-і – бала. Бұл жағдайлар көбінесе адамдардың өз күштерін дұрыс бағаламауы, қарапайым қауіпсіздік ережелерін елемеуі мен балалардың ересектердің бақылауынсыз қалуынан болады


 

Дидар ҚҰЙҚАБАЕВ Жезқазған қаласы ТЖБ бастығы


 

Өзіміздің Жезқазған қаласының аумағында өткен жылдың суға түсу маусымы кезеңінде 5 жазатайым оқиғасы тіркелген болатын.Ағымдағы жылы 2025 жылы суға түсу маусымы 1 маусымнан басталған.Дегенмен осы суға түсу маусымы басталғаннан бері өкінішке орай тағы да бір жазатайым оқиға орын алып отыр.

 

Осыған орай, қала құтқарушылары Жезқазған аумағындағы су жағасындағы демалыс орындарын кешенді түрде тексеріс жүргізген. Оның барысында «Причал», «Мадагаскар», «Балықшылар үйі», «Горняк» сынды демалыс аймақтары мен байдарка, каноэ есу базасы назарға алынған. Кеңгір су қоймасының жағалау акваториясы мен түбі 200 шаршы метрден астам аумақта тазартылып, демалушыларға қауіп төндіретін бөгде заттар жойылды.


 

Дидар ҚҰЙҚАБАЕВ Жезқазған қаласы ТЖБ бастығы

 

Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, жалға алушылар мен демалыс аймақтарының иелеріне берілді. Сондай-ақ оларға аумақтарды қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша ұсынымдар берілді.

 

Брифинг барысында шомылуға тыйым салынатын нақты жағдайлар мен заңнамалық жауапкершілік те айтылды. Мас күйінде суға түсу, белгіленбеген жерлерде сүңгу, қауіпсіз жүзу шекарасынан тыс кету, балалардың ересектерсіз суға баруы – мұның бәрі қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. Ал мұндай ережелерді бұзғандарға әкімшілік айыппұл қарастырылған.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу