Мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар
Ulytautv 11-июн, 13:37 0 ЖАҢАЛЫҚТАР
Семинар жұмысына қала әкімі Қайрат Шайжанов пен мемлекеттік органдардың 90-ға жуық өкілі қатысты. Спикер ретінде Ұлытау облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының тренері, заң ғылымдарының магистрі, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы Руслан Тоқатов шақырылған. Басқосуда мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысының алдын алу жолдары, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік және мекемелердегі ішкі тәуекелдерді талдау механизмдері кеңінен сөз болды.
Жаслан ХАМИТОВ ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – тұрақты тәрбие мен жүйелі білімнен басталады. Ұйымдастырушылар мұндай шаралардың құқықтық сауаттылықты арттырып, адал қызмет мәдениетін қалыптастыруға әсері зор екенін айтады. Бұған дейін семинар Сәтбаев қаласында өтсе, алдағы уақытта Қаражал, Ұлытау және Жаңаарқа аудандары да қамтылмақ. Семинар соңында барлық қатысушыларға курсқа қатысқанын растайтын сертификат берілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ