Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Кеңес отырысында Ұлытау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері тарапынан алдын алу шараларынан бастап,қылмыстық істерге дейінгі ауқымды жұмыстар атқарылғаны айтылды.Жүргізілген сыртқы талдаулар нәтижесінде бірнеше салада жүйелі мәселелер анықталған. Мәселен,энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында-жалған келісімшарттар жасау,техникалық қадағалаудың болмауы,бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау,аудитке немқұрайлы қарау жағдайлары тіркелген.


 

Қоғаммен байланысты нығайтуға бағытталған түсіндіру шаралары да қарқынды жүргізілуде. Жыл басынан бері 9 мыңнан астам тұрғынға ақпараттық жұмыстар өткізілсе, жастарға арналған интерактивті жобалар мен челлендждер кеңінен жүзеге асырылған.«Мобильді топ» бастамасы аясында әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы халықпен тікелей байланыс орнатылды.Сондай-ақ, департамент құрылыс нысандарындағы кемшіліктерге де жүйелі мониторинг жүргізіп отырады.


 

Кемшіліктер тек құрылыс саласында ғана емес, басқа да маңызды бағыттарда байқалуда. Мысалы, білім беру саласында цифрлық бухгалтерия енгізілгенімен, кейбір ұйымдарда жалақы қоры тиімсіз жұмсалған. Тіпті, электронды қолтаңбалардың заңсыз пайдаланылған фактілері де тіркелген.Ал ауыл шаруашылығы бағытында – пайдаланылмай жатқан 543 мың гектар жердің 243 мыңы әлі де мемлекет меншігіне қайтарылмаған. Отырыс барысында кеңес мүшелері нақты сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.Сондай-ақ, мәдениет, қоғамдық даму, жолаушылар көлігі, кәсіпкерлік және табиғи ресурстар басқармаларының өкілдері баяндама жасап, өз салаларындағы тәуекелдер мен алдын алу шараларының тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу