ҰЛЫТАУЛЫҚ 8 ОҚУШЫ IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АҚТЫҚ КЕЗЕҢІНЕ ӨТТІ
Ulytautv 13-июн, 12:43 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Айқанат олимпиадасы-үш кезеңнен тұратын зияткерлік дода.Биыл алғашқы іріктеуге Ұлытау мен Жаңаарқа аудандарынан 255 оқушы қатысқан.Облыстық кезеңге 57 оқушы өтіп,оның ішінен 8 үздік оқушы ақтық сынға жолдама алды.Олимпиаданың басты мақсаты-ауыл мектептерінің оқушыларына сапалы білімге жол ашу.
Меруерт САМЕДОВА “Ұлытау дарыны” орталығының зияткерлік-дарындылық бөлімінің басшысы
Финалға еліміздің түкпір-түкпірінен 1000-ға жуық 8-сынып оқушысы жиналады. Олар IQanat High School of Burabay мектебіне бөлінетін білім гранты үшін бақ сынамақ. Жеңімпаздарға еліміздің үздік оқу орнында оқуға жолдама беріледі.Олар үшін бұл сапар-үлкен жолдың бастауы болмақ.
Финалдық кезең тек тестілеумен шектелмейді. Қатысушылар үшін soft skills дамыту тренингтері, экскурсиялар мен мәдени шаралар ұйымдастырылады. Бұл – ауыл оқушыларына тек білім емес, болашаққа деген сенім сыйлайтын бірегей апта болмақ.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ