ӨҢІРДЕ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Ulytautv 13-июн, 12:57 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жиынға өңірге жаңадан келген білікті жас мамандар мен көп жылдық тәжірибесі бар жергілікті дәрігерлер қатысты. Олар денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар мен қолдау шаралары, алдағы жоспарлар туралы ой бөлісті. Ұлытау облысы құрылған сәттен бастап, медицинаға ерекше басымдық беріліп келеді. Облыс әкімдігі мен мәслихатының қолдауымен іске қосылған арнайы бағдарлама аясында 2023 жылдан бері 55 білікті дәрігер тартылып, қоныс аударған 50 дәрігерге арнайы көтерме қаржылай қолдау көрсетілді.Сонымен қатар, резидентурада білім алып жатқан болашақ мамандардың шығындары өтеу арқылы да кадр мәселесі шешілуде. 2025 жылға осы мақсатқа 170 миллион теңге қарастырылған.
Рүстем НЫСАНБАЕВ Сәтбаев қаласы ауруханасының директоры
Өңірдегі медицина мекемелері заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухана базасында күрделі оталар жасалып, бұрын тек республикалық деңгейде көрсетілетін қызметтер енді жергілікті жерде де қолжетімді бола бастады.
Бауыржан ЕШЖАНОВ хирург
Құралай ШОРТАНБАЕВА акушер-гинеколог
Жаңа құрал-жабдықтар, білікті кадрлар, әлеуметтік қолдау – мұның бәрі өңір тұрғындарының денсаулығы үшін жасалып жатқан қадамдар. Қазіргі таңда басты мақсат –медицина қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтеру.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ