МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Ulytautv 13-июн, 13:11 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Қазіргі таңда өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде 3006 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның 656-сы – дәрігер, ал 2350-і – орта буын мамандары. Әр маманның еңбегі ерен. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған әулеттер де бар.
Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев бұл күн — ең ізгі мамандық иелеріне көрсетілетін шынайы ризашылық пен құрметтің көрінісі екенін атап өтті. Ол сонымен қатар корпорация тарапынан өңір медицинасына қолдау көрсету жалғаса беретінін айтты. Бұл қолдау — заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету, кәсіби мамандарды тарту және күрделі емдеу тәсілдерін дамыту бағытында жүзеге аспақ.
Салтанатты шара аясында еңбегімен ерекшеленген сала мамандары марапатталды. Марапат алғандардың қатарында медицина саласына 40 жылын арнаған Гүлмира СУПИЕВА да бар. Қазіргі таңда ол Жезқазған медициналық орталығының емхана меңгерушісі қызметін атқарады.
Бұл күні сондай-ақ «Үздік мейірбике», «Үздік фельдшер», «Әкімшілік-шаруашылық бөлімнің үздік маманы» және «Үздік мейірбике көмекшісі» номинациялары бойынша марапаттар табысталды. Мерекенің шырайын мәдениет саласының өкілдері дайындаған концерттік бағдарлама аша түсті.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ