МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ СЫЙЛЫҒЫНА ИЕ БОЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Дәрігерлердің ерлігі мемлекет тарапынан лайықты бағалануда. Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімі Дастан Рыспеков мамандардың тынымсыз тірлігін,жанкешті еңбегін ерекше атап өтті.


 

Дастан РЫСПЕКОВ Ұлытау облысының әкімі

 

Облыс құрылған кезеңнен бастап медицина саласына 28млдрд теңге бөлініп,материалдық техникалық база 75% дан,88% ға дейін өсті.Облыстық кардиологиялық орталық ашылды.Заманауи ангиограф,компьютерлік томаграфия орнатылды.Сонымен қатар жедел медициналық жәрдем қызметіне 12 жаңа көлік алынды.Биыл тағы 2 көлік алынатын болады.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 14 нысанның құрылысы аяқталып,биыл тағы да 11 нысан қолданысқа беріледі. 54 резиденттің білім алуына әкімдік тарапынан қаржылай көмек көрсетілуде. Өңірімізде жұмыс істеуге ниетті дәрігерлерге 6 миллионнан 8 миллион теңгеге дейінгі көтерме ақы тағайындалған. Бұл сіздердің жұмыстарыңыздың нәтижелі әрі сапалы болуына жасалып отырған нақты қолдау.

 

Одан әрі марапаттау рәсімі басталды. Кеш барысында «Ұлытау облысының Құрмет грамотасы», облыс әкімінің алғыс хаты, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалі, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» мен «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, құрмет грамоталары, алғыс хаттар және «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды.Бұл-жауапты әрі күрделі мамандық иелеріне көрсетілген үлкен құрметтің белгісі.


 

Ұлбала ҚҰЛТАС «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері

 

Мен Макенбаева амбулаториясында отбасылық дәрігер болып қызмет істеймін.Жалпы еңбек стажым менің 38 жыл.Бүгін еңбегім еленіп,медицина саласының үздігі медальымен марапаттанып отырмын.Үлкен рахметімді айтамын.Бүгінгі медицина күнімен баршаңызды құттықтағым келеді.Медицина қызметкерлеріне үлкен денсаулық, творчествалық табыс,еңбектері абыройлы болсын деп алғыс айтамын.

Шара барысында түрлі аталым бойынша үздіктер марапатталды. Ұлытау облысы әкімінің 16 номинациясы бойынша жеңімпаздарға 500 мың теңгеден арнайы сыйақы табысталды.


 

Эминжан ОЛЖАЕВ «Үздік хирург» номинациясының иегері

 

Еңбек өтілім 9 жыл болды жұмыс істеп жатқаныма.Осы бүгінде номинацияға дәрігерлер қызметкерлер күніне орай шақырылдым және облыс әкімінің осындай номинациясын алғаныма өте қуаныштымын.Облыс әкіміне және біздің денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеп жатқан басшыларға үлкен алғысымды білдірем. Бүгінге өзімнің әріптестерімді шын жүректен төл мерекелерімен құттықтаймын.

 

Ал ең жоғары марапат – «Жыл дәрігері» атағы және 1 миллион теңге көлеміндегі сертификат Жезқазған қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың педиатриялық қызметінің меңгерушісі Каукер Кумановаға берілді.Ол медицина саласында 32 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келеді.


 

Каукер КУМАНОВА «Жыл дәрігері» номинациясының иегері

 

Кәсіби медицина күніне орай Жыл дәрігері номинацияға марапатталдым.Өте қуаныштымын.Бірінші облыстың әкіміне,денсаулық сақтау бөліміне алғысым айтам.Ол тек қана менің еңбегім емес,бүкіл Ұлытау облысының дәрігерінің еңбегі.Күні-түні аттасып,жандарын аямай,жүрегін аямай,бала үшін,үлкен адам үшін өмір үшін күнде күнде жұмысына келіп атсалысып отырған менің әріптестеріме бүгін шын жүректен айтатын сөзім бар.Мерекелеріңіз құтты болсын. 

 

Бұл күні нағыз өз ісінің шеберлері ұлықталды. Олар  денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай,  халықтың жылы ықыласына бөленген мейірімді жандар.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу