ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Олар – өзара сыйластық пен сенімді серік еткен, бір мақсат жолында қол ұстасып, алға қадам басып келе жатқан үлгілі отбасы. Қанат Рысмағамбетов пен Жібек Өмірханқызы шаңырақ көтергендеріне сегіз жыл толған, екі бала тәрбиелеп отырған бақытты отбасы. Бірі – шахтада 14 жылдық тәжірибесі бар еңбек адамы болса, екіншісі – жеке кәсібін дөңгелеткен іскер ана.


 

Қанат РЫСМАҒАМБЕТОВ  қала тұрғыны

 

Жас отбасыларға енді шыдамдылық қой. Шыдамдылық керек. Сосын мақсат керек алға қойған. Өзіңнің отбасыңды биікке жеткізу керексің ғой. Ер азамат болған соң неше түрлі қиындық болады ғой енді оның барлыған шыдауымыз керекпіз. Төзу керекпіз, өту керекпіз. Не бір белестер болады. Кішкентай бір сынақ болғанға сынып қала берсең ондай отбасы болмайсың ғой. Мықты отбасы болу керек.

 

Жібек ӨМІРХАНҚЫЗЫ  қала тұрғыны

 

Кітаптан оқыған бөлек, практика жүзінде бөлек. Біреудің ақылы бөлек.  Ол бала мен ана арасындағы көзге көрінбейтін байланыс болады. Сол байланысты ана сезіну керек. Бізде бірінші тыңдап алам, естіп алам. Сосын отырып ақырын сөйлесемін мынау ақ, мынау қарасы, мынау болмайды, былай болады деп. Отбасы мен үшін үлкен бір әлем мемлекет ішіндегі. Біз отбасыға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Жауапкершілікпен қарау себебіміз- біз ұлт болып қалыптасуымыз үшін тәуелсіз мемлекет ретінде. Осындай тәуелсіздікті сақтау үшін біз өзіміздің отбасымызды сақтауға міндеттіміз.

 

2022 жылы Жібек жеке кәсіпкерлігін ашып, 2023 жылы “Өнер академиясы” толыққанды жұмысын бастады. Бұл жобаның идея авторы – Жібек болса, қаржылай және техникалық қолдауды жұбайы мойнына алған.


 

Жібек ӨМІРХАНҚЫЗЫ қала тұрғыны

 

Идея болып жүрде менде ал ол кісі әрдайым мені қолдайды. Ешқашан қарсы тұрып, жоқ олай болмайды, былай істемейміз деп айтқан емес. Мені түсінеді, қолдайды, әрдайым қол ұшын береді. Ремонт жасап жатқан кезде былтыр осы бір жыл бойы жұмыс жасаған кезде. 15 күн жұмысына барып келеді, 15 күн осында ремонтын жасады. Ашылуына үлкен көмегі тиді.

 

Бұл отбасы үшін ең үлкен байлық – бала тәрбиесі. Олар балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ана парызы ғана емес, ел болашағына қосқан үлес деп біледі.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу