ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ
Ulytautv 17-июн, 13:18 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
«Әке. Отбасы. Қоғам» тақырыбында өткен форумда бала тәрбиесіндегі әкенің орны, отбасылық құндылықтар және ұрпақ алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды. Еркебұлан Бодықовтың айтуынша, баланы тәрбиелеу тек ананың емес, әкенің де маңызды міндеті.
Еркебұлан БОДЫҚОВ Ұлытау облысы «Әкелер одағы» ҚБ төрағасы
Бұл форум енді біздің облысымызға да келсе деп үміттеніп отырмыз енді. Енді жалпы әке дұрыс болса, отбасы да дұрыс болады деп ойлаймын. Енді жалпы мұны бей-жай қалдырмай қолға алған дұрыс деп ойлаймын. Бұл форумда үлкен буын да, орта буын да, кіші буын да қатысты. Өте жақсы бір коммуникация, сөз алмасу болды. Жастарға өте бір алатын үлгі болды.
Форум аясында қатысушылар отбасы тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар жөнінде ой бөлісіп, баяндамалар жасады. Айта кетейік, елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – Әкелер күні ретінде атап өтіледі. Аталған форум дәл осы мерекеге орай ұйымдастырылды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ