Ұлттық құрылтай – ашық диалог алаңы
Ulytautv 04-апр, 13:14 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Бурабайда өткен бұл жолғы Құрылтайда елімізде кейінгі үш жолда жүзеге асырылған саяси реформалар кеңінен талқыланды. «Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды!», - деген Президент жемісті реформалар әрі қарай да жалғасатындығын айтты. Солардың бірі: ауыл әкімдерін тікелей халықтың сайлауы. Нәтижесінде ауыл әкімдері 72 пайызы жаңарған. Оның үштен бірі – бұрын мемлекеттік қызметте болмаған азаматтар.
Тұрсынай Ибадатова, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты
Сонымен қатар құрылтайда биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы да тілге тиек етілді. Бұл – кәсіптік және техникалық білім беру саласын жаңғыртуға және еңбек адамдарының қоғамдағы беделін арттыруға арналған айтулы жыл болмақ...
Тұрсынай Ибадатова, Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты
Жалпы ІV ші отырыста – құрылтайдың 100 ден астам мүшесі 120 ға жуық бастама көтерген. Құрылтайдың келесі отырысы – келер жылы Қызылорда облысында өтеді.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы