ӘКЕНІҢ ОТБАСЫ МЕН ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ
Ulytautv 17-июн, 13:22 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Шараға ұстаздар қауымы,ардагерлер мен аналар кеңесінің мүшелері,сондай-ақ белсенді әкелер шақырылды. Олар отбасындағы әкенің рөлі,ұрпақ тәрбиесіндегі орны,ұлттық құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру жолдары жөнінде пікір алмасып,өз тәжірибелерімен бөлісті.
Серік АСҚАРБЕКОВ Жезқазған қаласы ТЖБ ардагерлер кеңесінің төрағасы
Жиын барысында жалпы отбасылық құндылықтар жайы да айтылды. Қатысушылар үлкенге құрмет,кішіге қамқорлық,ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас сынды маңызды мәселелерге тоқталды.Аналар кеңесінің мүшелері мұндай шараларды өңірдің барлық аудан,ауылдарында өткізу қажет екенін атап өтті.
Қаниса ТЕЛҒОЗИНА аналар кеңесінің төрағасы
Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныстарын айтып, отбасындағы әке беделін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін алға тартты. Олардың айтуынша, әке – тек отбасының асыраушысы ғана емес, ұрпаққа рухани бағдар беретін ұстаз, үлгі-өнеге иесі. Ал осындай үлгілі әкелердің көп болуы – қоғамның тұрақтылығы мен мемлекет болашағының кепілі.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ