ЖАСТАР КӘСІПКЕРЛІГІНЕ ЖОЛ АШҚАН БАЙҚАУ
Ulytautv 18-июн, 15:54 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Байқауға өңір колледждерінің студенттері қатысты. Олар экономика саласының түрлі бағыттарын қамтитын тоғыз авторлық жоба ұсынды. Іс-шара жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, жастар арасында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, кәсіпкерлікке қатысты практикалық дағдыларды қалыптастыру және студенттердің іскерлік белсенділігін дамыту мақсатын көздеді.
Маржан ЖӘУЕН Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
Байқау — өз кәсібін бастауға дайын дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсететін тиімді алаңға айналды. Ұсынылған жобалардың барлығы өзекті әрі әлеуметтік маңызға ие. Мәселен, Жаңаарқа ауданынан келген Нұрәли Амангелді тері өнімдерін өңдеп, түрлі бұйымдар жасауды көздейтін жобасын ұсынды.
Нұрәли АМАНГЕЛДІ байқауға қатысушы
Байқау қорытындысында жеңімпаздар алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Үздік жобаларға кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, жоба авторларына жастарға арналған гранттық бағдарламаларға қатысу мүмкіндігі ұсынылады. Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта жастар кәсіпкерлігін қолдауды күшейтіп, оның ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ