ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
Ulytautv 18-июн, 15:59 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Әдеп жөніндегі кеңестің бұл жолғы отырысы Ұлытау облыстық прокуратура ардагерлері ұйымының төрағасы Ерболат Бөрібаевтың төрағалығымен өтті. Басқосуда жергілікті атқарушы органның бір қызметкеріне қатысты тәртіптік іс қаралып, оған байланысты нақты шешім қабылданды. Сонымен қатар, жиын барысында мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан профилактикалық шаралар кеңінен сөз болды. Кеңес мүшелеріне қызметтік әдеп нормаларының сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасының орындалу барысы, тәртіптік комиссиялардың қызметі мен еңбек тәртібін сақтау бойынша жүргізілген мониторингтің нәтижелері таныстырылды.
Самат ҮМБЕТӘЛИЕВ, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Кеңес мүшелері күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша баяндамашылардың есептерін тыңдап, атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Сонымен қатар алдағы кезеңге қатысты нақты ұсыныстар берілді. Атап айтқанда, әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғалармен бірлескен профилактикалық жұмыстарды жандандыру, «E-kyzmet» жүйесіне кіруді бақылау жүйесінің интеграциясын аяқтау және мемлекеттік органдар ұжымдарында моральдық-психологиялық ахуалды тұрақтандыру шараларын күшейту ұсынылды.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ