ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ 15,6 % АРТҚАН

Ұлытау ТВ жаңалықтары

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында қалада көлік қатынасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Қалалық прокуратураның деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы алты айында 37 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға көп. Апаттардың басты себептері – жол ережелерін елемеу, соның ішінде көлікті мас күйінде басқару. Мұндай құқықбұзушылықтар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Осыған байланысты құқық қорғау органдары алдын алу шараларын күшейтіп, азаматтарды жолда саналы әрі жауапты болуға шақырады.


 

Рыскүл МҰСТАФИНА Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры

 

ҚК-нің 345-бабында ең жоғары жаза түрі ретінде белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 7 жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.Атап өту кажет, қазір масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін қайта бұзушылық жасағандарға қылмыстық жауапкершілік көзделген.ҚК-нің 346-бабына сәйкес,  ең жоғары жаза – 8 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы.Қала прокуратурасы «Заң және тәртіп» іс-шара шеңберінде азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіздікті бірінші орынға қоюға және мас күйде рульге отырмауға, жаяу жүргіншілер мен өзге жүргізушілердің құқықғына құрметпен қарауға үндейді.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу