СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Ulytautv 19-июн, 14:53 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Облыстың қала және аудан мектептерінен 6–9 және 10–12 жас аралығындағы оқушылар қатысқан байқауда балалар алаяқтық түрлеріне – фишинг, әлеуметтік желілердегі алдау, банк карталарымен жасалатын қулықтарға қатысты өз көзқарастарын сурет арқылы жеткізді. Жұмыстар түрлі техникада орындалып, мазмұны мен көркемдік деңгейі қазылар тарапынан жоғары бағаланды.
Ермек ДАНИШЕВ Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті жедел басқармасының басшысы
Қазылар алқасы жұмыстарды төрт негізгі критерий бойынша бағалады: тақырыпты ашу дәлдігі, көркемдік деңгейі, техникалық орындалуы және байқау шарттарының сақталуы. Көптеген суреттер балалардың тек сурет салу қабілетін ғана емес, заманауи цифрлық қауіптерді терең түсінетінін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар таңдалып, балалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша балалардың құқықтық санасын арттыруға бағытталған осындай жобалар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ