ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА ОТБАСЫЛЫҚ ЗОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 11 ІСТІ СОТҚА ЖОЛДАДЫ
Ulytautv 19-июн, 14:58 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Елімізде 2024 жылдан бастап отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күреске бағытталған заң күшіне енді.Мемлекет басшысы қол қойған бұл құжат осындай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтті.Яғни отбасының берекесін алып, жұбайы мен бала-шағасына қол көтергендерге жаза қатаңдатылды.Енді ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіру әрекеттері әкімшілік құқықбұзушылық емес, қылмыстық іс ретінде қаралады. Заңға сәйкес, кінәлілерге 80-нен 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 50 тәулікке дейін қамалуы мүмкін. Егер жәбірленушіге ауыр зиян келсе, екі жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Прокуратура бұл бағытта алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізуде. Мәселен, Жезқазған қаласында 2025 жылдың алғашқы алты айында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 11 қылмыстық іс сотқа жолданған.
Рыскүл МҰСТАФИНА Жезқазған қаласы прокуратурасының прокуроры
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ