ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Ulytautv 20-июн, 13:18 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Жарысқа Азия құрлығының 16 елінен 270-тен астам спортшы қатысты. Бұл — Тимофей үшін халықаралық жарыстардағы алғашқы тәжірибе. Соған қарамастан ол өзін мықты жағынан көрсетіп, екі бірдей қашықтықта чемпион атанды.
Тимофей ТАРАНОВ Азия чемпионы
Тимофей Таранов есу спортымен бес жылдан бері айналысады. Осы уақыт ішінде ол өзін мақсатқа ұмтылған, табанды спортшы ретінде танытып үлгерген.
Егор БОРИСОВ жаттықтырушы
Жеңіспен оралған чемпионды туған жерінде ата-анасы, достары мен жерлестері ерекше қуанышпен қарсы алды.
Наталья ТАРАНОВА Т. Тарановтың анасы
Айта кету керек, Тимофей Таранов бұған дейін де бірнеше рет Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен. Ал Азия чемпионатындағы бұл жеңісі – оның спорттық жолындағы маңызды белестердің бірі. Жас спортшының алдағы уақытта әлемдік аренада да еліміздің көк байрағын желбірететініне сеніміміз мол.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ