АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жиынға сарапатама кеңесінің мүшелері мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты. Күн тәртібіне шығарылған алғашқы сұрақ: тұрғындардың сапалы медициналық қызметке қол жеткізуіндегі өзекті проблемалар болды.Кеңес мүшелері өңірдегі емханалар мен отбасылық денсаулық орталықтарына және көпбейінді ауруханаға барған, ондағы жағдайға талдау жүргізген. Олар медицина қызметкерлерінің науқастармен қарым-қатынасына да назар аударған. Дәрігердің бір ғана жылы сөзі науқас жанына демеу болады, ал оның құны дәріден де қымбат. Сондықтан медициналық мекеме басшылары өз қызметкерлерін науқасқа қалай көңіл бөлуді, олармен қалай сөйлесу керектігін үйрететін тәрбие жұмыстарын жүргізулері қажет деп есептейді сараптама кеңесінің мүшелері.


 

Ақансері СҮЛЕЙМЕНОВ сараптама кеңесінің мүшесі

 

Әрбір қарапайым адам ауруханаға барғанда адаммен қарым-қатынас жұмысы, қызмет көрсету сапасы, қарапайым медбикелерден бастап,емдеуші дәрігерлердің ауырып келген адамға деген көзқарасы қандай?Олармен қарым қатынасы қандай? Сол мәселе көтерілді.Сол мәселе бойынша ұсыныстар мен көңілтолмаушылықтарды айттық.

 

Жалпы,облыстағы ауруханалар мен емханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттердің көбі жаңғыртуды қажет етіп тұр.Бұл мәселе де кеңес отырысында көтерілді. Сонымен қатар дәрігер тапшылығы, өңірде онкологиялық аурухананың болмауы және медициналық құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі секілді түйткілдер талқыланды. Әр бағыт бойынша ұсыныстар мен бастамалар айтылды.


 

Аманжол КӘРІМОВ ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі

 

Кеңестің қорытындысын жергілікті атқарушы органдарда көтереміз. Және денсаулық сақтау министрлігіне дейін жолдаймыз. Қандай да біз азаматтарды туындаған сұрақтар болса, және өзінің құқығына байланысты, құқығының бұзылғанын сезсе, бізге келіп жүгінуге болады, онлайн,офлайн түрде де қабылдай береміз.

 

Кеңестің негізгі мақсаты сол - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қадағалап, адам құқықтарының бұзылуына қатысты мәселелерді шешуге ықпал ету.Айта кету керек, жиында жалғызбасты ананың әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы құқығының қорғалуы бойынша сұрақ көтерілді. Қатысты органдар тарапынан тиісті қолдау көрсетілетіні айтылды.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу