ШАХМАТ ТУРНИРІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жансая Әбдімәлік шахмат академиясындақұқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызметшілер арасында шахмат турнирі өтті. Іс-шараны Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен экономикалық тергеп-тексеру департаменті және «Ұлытау жастары» қоғамдық бірлестігі бірлесе ұйымдастырды.Бұл күні 20 –ға жуық мемлекеттік қызметші жылдамдық турнирінде кездесті. Барлығы да әуесқой спортшылар. Айта кету керек, турнир «Заң және тәртіп» қағидаты аясында өтіп отыр.


 

Марғұлан ҚАЛИАҚПАРОВ  Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

 

Бұл турнир қатысушыларға шахмат ойынында өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ достық байланысты нығайтуға бағытталды. Шахмат ең алдымен – ой мен ақылды арттырып, есте сақтау қабілетін ерекшелеп, зеректікті зерделейтін спорт түрі.Біздің мақсатымыз заң мен тәртіпті сақтау. Турнир жақсы өтіп жатыр деп есептеймін.

 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

[media=https://youtu.be/w9-GWtAN7Es]

 

 

 

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу