СПОРТ ШЕБЕРІНІҢ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Қуатты компания – өңірдегі спорт саласының қуатын арттыруға да үлес қосып келеді. Меморандум аясында  халық игілігі үшін «Жігер»спорт кешені пайдалунға берілген еді.Енді міне шеберлік сабақтарын өткізуге күш салып жатыр.


 

Евгений ТИМЧЕНКО Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері

 

Мені мұнда Республикалық үстел теннисі федерациясы жіберді. Қазір федерациямыз үстел теннисін кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қазақстандық спортшылардың шеберлігін арттыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орайда, Ұлытау облысы спортшыларының шеберлігін көтеру үшін мені оқу-жаттығу жиынын өткізуге жіберді. Бұл жиынға спорт мектептерінің балалары қатысуда. Жаттығу бағдарламасы аясында жаттықтырушыларға арналған семинар да өтті. Онда біз жаттықтырушыларға қалай жұмыс істеу керек, қалай ойыншыларды жинақтау керек, қазіргі үстел теннисінің даму бағыттары қандай екенін үйреттік. Бұл жұмыстар өңір спортын жаңа деңгейге көтеріп, басқа облыстармен бәсекелесе алатын жағдайға жеткізу үшін қолға алынып отыр.

 

Шеберлік сабағына аймағымыздың  тілшілері мен 45 тен астам жас теннсиші қатысты. Жаттығу барысында қатысушылар тек тәжірибе жинап қана қоймай, кәсіби кеңестер алды. Басты мақсат – жергілікті спортшылардың шеберлігін арттырып,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үстел теннисін кеңінен насихаттау.


 

Ғалия ӘБДІҒАППАРОВА үстел теннисінен Ұлытау облысы бойынша аға жаттықтырушы

 

Осы 1 аптадағы оқу жиынынан біздің алып жатқан азығымыз, ақпаратымыз үлкен көмек, үлкен тәжірибе. Алла қаласа осындай қолдаудың арқасында, осындай оқудың арқасында біздің Ұлытау облысының теннисшілері үлкен жетістікке жетпек. Әрі қарай да дайындықты күшейтіп, біздің өңірден де чемпиондар дайындауда тынымсыз еңбек етеміз.

 

Ақансері  СҮЛЕЙМЕНОВ «Ulytau Inside» ақпараттық порталының директоры

 

Мастер классты Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері өткізіп жатыр. Ол кісінің 35 жыл тәжірибесі бар. Ол кісіден алған тәжірибе бізге үлкен үлесін тигізеді.

 

Бұдан бөлек меморандум аясында Ұлытау облысының спортшыларына арналған оқу-жаттығу жиындары, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушыларының қатысуымен жаттықтырушыларға арналған семинар, 2016, 2020 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан әйгілі спорт шеберлерімен бірлескен шеберлік сағаттары және басқа да іс-шаралар өткізу жоспарланған.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу