МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Ulytautv 24-июн, 10:43 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Мемлекеттік қызмет- қоғам дамуына серпін беретін,әр шешімі мен әрекеті халықтың өмір сапасына тікелей әсер ететін сала.Бұл-кәсіби шеберлікпен қатар,жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін жұмыс.Салтанатты шара аясында қала әкімі Қайрат Шайжанов үздік мамандарға құрмет көрсетіп, марапаттар табыстады.
Қайрат ШАЙЖАНОВ Жезқазған қаласының әкімі
Соңғы кезде бұл мамандыққа жастар да бет бұра бастады.Мемлекеттік қызметке қойылатын талап жоғары – заман талабына сай болу, уақытпен санаспай жұмыс істеу қажет. Жауапкершілігі зор бұл қызметте еңбек етіп жүрген мамандар атқарған істерінің еленіп, бағаланғанына қуанышты.
Қарлығаш ҚУАНЫШЕВА Ұлытау облысы әкімінің құрмет грамотасының иегері
Кибат АБДРАМАНОВА Жезқазған қаласының әкімінің алғыс хатының иегері
Салтанатты жиында қала әкімінің арнайы тағайындаған марапат иелерін құттықтайтын сәт те келіп жетті.Сонымен қалалық мәдениет бөлімінің басшысы, 20 жылдам астам еңбек өтілі бар Гүлзада Шомаева «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясын иеленді.
Гүлзада ШОМАЕВА «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясының иегері
Айнұр ҚАРАБЕКОВА «Білікті мемлекеттік қызметші» номинациясының иегері
Сондай-ақ бұл күні мемлекеттік қызмет табалдырығын жаңа аттаған жас мамандар Отанға адал болуға, ел игілігіне еңбек етуге салтанатты түрде ант берді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ