ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Ulytautv 24-июн, 10:52 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Олар «Үздік мақала» және «Үздік телерадиобағдарлама» сынды 2 аталым бойынша мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде материалдарын ұсынған. Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, бұл мәселеге қоғам назарын аудару.
Құрмет ТІЛЕУЛИНОВ облыстық тілдерді дамыту орталығының басшысы
Аталған байқауға кәсіби мамандар қазылық етті. Қазылар алқасыны мүшесі, Хабар арнасының таңғы бағдарламалар бөлімінің шеф редаакторы Саян Есжан байқауға қатысқан тілшілердің материалдары шынайы сараланып, әділ бағаланғанын жеткізді.
Саян ЕСЖАН қазылар алқасының мүшесі
«Үздік телерадиобағдарлама» аталымын арнамыздың режиссері Гүлшахира Серекбаева жеңіп алды. Ал, «үздік мақала» номинациясына Сарыарқа газетінің бас редактордың орынбасары Меруерт Наурызбай лайық деп танылды. Жеңімпаздардың барлығына дипломдар беріліп, қаржылай сый-сияпаттар жасалды. Ал, үздік деп танылған жұмыстар республикалық байқауға жолданатын болады.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/CBQ-WR9lJrU?si=NHbPvTpZuiRbaJ_L]