ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Олар «Үздік мақала» және «Үздік телерадиобағдарлама» сынды 2 аталым бойынша мемлекеттік тілдің өзекті мәселелері жөнінде материалдарын ұсынған. Байқаудың негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, бұл мәселеге қоғам назарын аудару.


 

Құрмет ТІЛЕУЛИНОВ облыстық тілдерді дамыту орталығының басшысы



 


Республикалық кезең осы шілде айының 1іне дейін қабылданады. Осы іс-шарадан орын алған, бірінші орыннан көрінген азамат пен азаматшалар сол республикалық кезеңге қатысып бақтарын сынайтын болады.

 

Аталған байқауға кәсіби мамандар қазылық етті. Қазылар алқасыны мүшесі, Хабар арнасының таңғы бағдарламалар бөлімінің шеф редаакторы Саян Есжан  байқауға қатысқан тілшілердің материалдары шынайы сараланып, әділ бағаланғанын жеткізді.


 

Саян ЕСЖАН қазылар алқасының мүшесі



 


Бұл жерде мен үздік телерадиобағдарламасы бойынша дауысымды бердім. Бұл жерде бірінші кейіпкерлердің қазақ тілінде анық сөйлеуі, көрерменді барынша сендіре алатындай ақпарат беруі және журналистің шеберлігі басымдық берілген. Осының арасынан үздіктерді анықтадық.

 

«Үздік телерадиобағдарлама» аталымын арнамыздың режиссері Гүлшахира Серекбаева жеңіп алды. Ал, «үздік мақала» номинациясына Сарыарқа газетінің бас редактордың орынбасары Меруерт Наурызбай лайық деп танылды. Жеңімпаздардың барлығына дипломдар беріліп, қаржылай сый-сияпаттар жасалды. Ал, үздік деп танылған жұмыстар республикалық байқауға жолданатын болады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ



«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ




Пікірлер (0)

пікір қосу