ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ТУРНИР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Шағын футболдан өткен турнир қалалық әкімдіктің қолдауымен дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды. Жарысқа Жезқазған қаласынан ғана емес, облыстың өзге аудандарынан келген жас футболшылар бой көрсетті. Турнирге оннан аса команда қатысып, сайыс 10 күнге созылды.


 

Зухрап ДАУМБАЕВ  қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімнің басшысы

 

Бүгін мектеп оқушылары арасында жазғы демалыс атты футболдан турнирымыз өзінің мәресіне жетті.Бұл турнирдың мақсаты-бұқаралық спортты дамыту болса және жазғы демалыс уақытысында балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану.Өзіміздің негізгі мақсатымызға жеттік деп ойлаймыз.

 

Қатысушылардың басым бөлігі футбол секцияларына тұрақты қатысатын жасөспірімдер. Командалар жіті дайындықпен келіп,өз шеберліктерін көрсете білген. Соның ішінде Ұлытау ауданынан келген команда жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсіп,турнир жеңімпазы атанды.


 

Бекзат СЫЗДЫҚОВ «Ұлытау» командасының жаттықтырушысы

 

Балалар да өте жоғары деңгейде өнер көрсетті.Енді барлық осы уақытқа дейін жаттығуларда енді осы турнирге арнайы дайындалдық. Енді мына жерде қатысып жатқан командалар да бұрын кездескенбіз, ойнағанбыз. Оларды білеміз.Солардың ойынына сай дайындалдық.

 

Нұрсұлтан СЕРАЛЫ «Ұлытау» командасының капитаны

 

Мен сол футболға 2 жарым жыл қатыстым.Мен болашақта чемпион болғым келеді.Осы жарыстарға ұйымдастырған адамдарға рахмет көп-көп. Осындай жарыстар көпкөп бола берсін.

 

Ерсұлтан МҰРАТБЕКҰЛЫ «Батыр-Кенесары» командасының ойыншысы

 

Маған өте ұнады.Біз және де осы 2ші ойынға барымызды салып ойнадық.Менің ойымша бұл жарыс бізге 2ші орын лайықты.Мен футболға қатысқаныма 1жарым жыл болды.Бұл спорт маған ұнайды.Алдыңғы уақытта мен осындай жарыстарға қатысқым келеді.

 

Жарыс қортындысы бойынша үздік шыққан командалар кубок,медаль,грамоталармен қатар бағалы сыйлықтарға ие болды.Сонымен қатар турнирде ерекше ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар да марапатсыз қалмады.Үздік ойыншы,үздік қорғаушы,үздік шабуылшы сынды аталым иегерлері анықталды.Ұйымдастырушылар жарыс келесі жылы да жалғасын табатынын айтады.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу