ТЕРЕЗЕДЕН ТӨНГЕН ҚАУІП
Ulytautv 25-июн, 11:15 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Шараға жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері және ерікті жастар қатысты. Алдымен олар сапқа тұрып, қауіпсіздік жөніндегі нұсқамалармен танысты. Кейін топтарға бөлініп, халық көп шоғырланатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Дидар ҚҰЙҚАБАЕВ Жезқазған қаласы ТЖБ бастығы
Жаз мезгілі келген сәттен бастап, балалар ашық тұрған терезеден құлау фактілері орын алып жатады. Ол оқиғалар бізде балалардың мүгедек болып қалуынан немесе ауыр жарақаттар алу фактілеріне әкеліп соғады.Қала тұрғындарына ескерту үйде кішкентай бала болса, қараусыз қалдырмау керек.
Төтеншеліктер тұрғындарға терезені ашық қалдырмауды қажет болған жағдайда қорғаныш құралдарын орнату керектігін айтты. Бірақ қорғаныш құралдарына да толық сенуге болмайды. Ең алдымен терезеден төнген қауіпті балалардың санасына сіңіру керек дейді мамандар.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ
[media=https://youtu.be/dMJn0qJxWxA]