АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өтті. Жалпы саны 50-ге жуық тұрғын келіп, түрлі мәселелері бойынша кеңес алды. Құқық қорғау органдарының өкілдері олардың өтініштерін қарады, сұрақтарына жауап берді.


 

Марат АҚШАЛОВ Жезқазған қаласы прокурорының орынбасары

 

Негізгі мақсат- жергілікті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өзекті әлеуметтік мәселелерді ашық талқылау. Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік.Қала прокуратурасы тарапынан әрбір мәселе бойынша нақты түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер беріп, тұрғындарға заңнама шеңберінде әрекет ету жолдары түсіндірілді.Прокуратруа халықпен ашық диалог орнатып азаматтардың құқықтары мен заңды білулерін қорғау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

 

Іс-шараға басқа де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Олар жауап іздеп келген тұрғындарды жеке қабылдап, толғандырған базыналарын тыңдады. Осындай ашық форматтағы кездесулер халықтың сенімін арттырып, өзекті мәселелердің дер кезінде шешілуіне ықпал етеді.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу