САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Аудан халқының игілігі үшін еңбек етіп жүрген түрлі сала өкілдері ортақ мерекелік жиында бас қосты. Шара барысында еңбегімен көзге түскен қызметкерлерге құрмет көрсетіліп, марапаттар табысталды. Ұлытау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Қайырбек өз сөзінде әр мамандықтың маңыздылығына тоқталып, өңірдің дамуына қосқан үлестері үшін жиын қатысушыларына ризашылығын білдірді.


 

Салтанатты шара барысында мереке иелері Ұлытау облысы мен Ұлытау ауданының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар полиция қызметкерлеріне «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» мерейтойлық медальдары табысталды. Марапатталғандардың қатарында Терісаққан ауылдық округі әкімдігінің қызметкері Бибігүл Болатбаева да бар. Мемлекеттік қызмет саласында 20 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан ол бүгінде сол округте бас маман қызметінде.


 

Кештің көркін аудан өнерпаздары мен дарынды балалардың орындауындағы әсем ән мен би айшықтай түсті.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу