ОҚУШЫЛАР ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯҒА АТТАНДЫ
Ulytautv 26-июн, 13:40 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ҰЛЫТАУ АУДАНЫ
Экспедицияға Ұлытау ауданы білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған аудандық өлкетану шараларына белсенді қатысқан үздік оқушылар іріктеліп алынған. Оларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі аудан орталығында өтті.
Алмаз ҚАЙЫРБЕК Ұлытау ауданы әкімінің м.а.
Мектеп оқушылары Қызылорда,Түркістан, Тараз және Шымкенттің тарихи орындарына барып, ел тарихында ерекше орны бар мәдени нысандармен танысады. Экспедиция барысында олар бабалар мұрасын көзбен көріп, өлкенің рухани-мәдени құндылықтарын зерделейді.
Дильназ ЖАНДОСҚЫЗЫ Ұлытау ауданы №1 тірек мектебінің оқушысы
Толғанай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ Ұлытау ауданы №1 тірек мектебінің оқушысы
Экспедицияға қатысушыларға ата-аналар мен аудандық білім бөлімінің басшысы ақ жол тіледі. Сапар жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, тарихи танымын тереңдетуге бағытталған.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ