БАЛАЛАР ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІН МЕҢГЕРДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Интернет кеңістігі күн сайын кеңейіп, түрлі қауіптер де белең алып барады. Әсіресе жасөспірімдер арасында алаяқтық, кибербуллинг, жеке мәліметтердің таралуы сияқты мәселелер жиілеген.Осыған орай ұйымдастырылған ойын барысында балаларға интернеттегі 15 түрлі өмірлік жағдаят ұсынылды. Қатысушылар әрбір жағдайдың қауіпті немесе қауіпсіз екенін анықтап, арнайы тақтайшалар арқылы жауап берді. Бұл балаларға интернеттегі қауіп төнген жағдайда қалай әрекет ету керектігін де үйретеді.


 

Меруерт РАХИМЖАНОВА Ұлытау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі

 

«Киберпатруль» деп аталатын бұл ойында біз балаларға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықты үйретуді мақсат еттік.Жалпы, бұл өте танымды әрі пайдалы шара болды деп есептейміз. Балалар интернеттегі қауіп-қатерлер туралы көптеген жаңа мәлімет алды.


Шара барысында балаларжалған аккаунттар, бейтаныс адамдармен сөйлесу, жеке деректерді тарату сынды маңызды тақырыптар бойынша нақты мысалдар арқылы білім алды. Ойын командалық түрде өтіп, топтарға бөлінген балалар белсенділік танытты.Ұпай жүйесі арқылы жеңімпаздар да анықталды.


 

Михаил БЕРЕЖНОЙ №24 ЖББМ оқушысы

 

Маған бүгінгі ойын өте ұнады. Мен интернетте жаңа бір дос тапқан жағдайда, оған жеке мәліметтер мен суреттерді жолдауға болмайтынын түсіндім. Себебі ол адам расымен дос емес, алаяқ болуы мүмкін.

 

Зарина СКУНИТСКАЯ №24 ЖББМ мектеп оқушысы

 

Маған ойын өте қызықты әрі пайдалы болды. Егер біреу сайт арқылы достасқысы келсе, оған жеке ақпарат немесе фотосуреттерді жіберуге болмайтынын білдім. Егер ол адам мазалай бастаса, міндетті түрде үлкендерге айту қажет екенін ұқтым.

 

Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық іс-шаралар балалардың интернеттегі қауіпсіздік туралы түсінігін арттырып, олардың киберқауіптерге қарсы тұру қабілетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Департамент бұл жобаны өңір мектептері мен лагерьлерінде тұрақты түрде өткізуді көздеп отыр.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу