«XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» ФОРУМЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Бүгінгі күннің басты міндеті- қаржылық пирамидалар мен алаяқтық схемаларға қарсы халықтың иммунитетін қалыптастыру.«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен бұл форум азаматтардың, әсіресе жастар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін дамытуға арналды.


 

Меруерт РАХИМЖАНОВА Ұлытау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі

 

Бүгін мен өз салам бойынша баяндама жасадым. Нақтырақ айтсам алаяқтардан қалай қорғану керек және олардың қазір қолданып жүрген әдіс-тәсілдері туралы айттым. Сондай-ақ шоттағы қаржыны қалай қорғау қажеттігіне тоқталдым. Басты мақсатымыз- тұрғындардың қауіпсіз ортада өмір сүруі. Қазір полиция департаментінде киберполиция қызметі бар, тұрғындар келіп сұрақтарына жауап ала алады.

 

Форум барысында кәсіби мамандар тұрғындарға күнделікті өмірде жиі кездесетін қаржылық алаяқтық, заңсыз инвестициялық жобалар мен олардың зардабы туралы маңызды ақпарат берді. Алдымен тұрғындардың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруымыз қажет дейді форумды ұйымдастырушылар.


 

Абласан ҚҰРБАНОВ Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру- бақылау басқармасы басшысының м.а.

 

Осындай форумның жиі өтіп тұруы өңірімздегі қаржылық пирамида тақырыбына, криптавалютамен күрес тақырыбына қарсы белсенді күресті нығайтады деп сенеміз.

 

 «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі форум қатысушыларымен бірге интерактивті ойын өткізді.Олар қаржылық тәуекелдер мен алаяқтық белгілерін анықтауға бағытталған практикалық тапсырмаларды орындады.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу