«ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ» КҮЗЕТ АГЕНТТІГІНЕ – 20 ЖЫЛ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Агенттік қызметкерлері өндірістік және әкімшілік нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, еңбек тәртібінің сақталуы мен материалдық құндылықтардың қорғалуына айрықша үлес қосып келеді. Кәсіпорын жылдар бойы тұрақты, сапалы жұмыс нәтижесінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Қызметкерлердің кәсіби даярлығы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мекеменің материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жаңартылып отырады. Қауіпсіздік саласындағы озық технологиялар тұрақты түрде енгізіліп, қызмет сапасын арттыруға серпін беруде.


 

Тағамбай ӘШІРБЕКОВ  «Қорғау Қызметі» ЖШС Жезқазған филиалының күзет бастығы

 

Біздің күзететін нысандардың бәрі «Қазақмыс» нысандары болып есептеледі. Жезқазған, Сәтбаев қалалары бар, Қарағанды өңірі бар, Балқаш өңірі бар Нұрқазған барлығы осы Қазақмыстың обьектілерін күзетеміз. Оның ішінде біздің Жезқазған филиалында мыңнан артық күзетшілер жұмыс істейді. Сәтбаев қаласында бес жүзден артық, Жезқазған қаласында бес жүзден артық үлкен-үлкен нысандарды күзетеміз.

 

Мекеменің білікті де тәжірибелі маманы – Ләззат Қойшыбаева. Ол осыдан бес жыл бұрын «Қорғау Қызметіне» қатардағы күзетші болып келген. Өз ісіне деген жауапкершілігі мен табандылығының арқасында бүгінде қарауыл басшысы қызметін атқаруда.  Қазіргі таңда ол өз ауысымындағы қызметкерлердің жұмысын бақылайды.


 

Ләззат ҚОЙШЫБАЕВА «Қорғау Қызметі» ЖШС Анненская кенішіндегі қарауыл басшысы

 

Бастапқыда күзет қызметіне қызығушылығым киім үлгісінен басталды. Бір күні батыл шешім қабылдап, Жезқазған қаласындағы бөлімге барып жұмысқа орналастым. Алғашқы күні бәрі тосын, белгісіз болып көрінді. Қобалжу да болды. Бірақ біртіндеп үйреніп, кәсіби машықтарымды жетілдіре бастадым. Әрдайым тәртіпке бағынып, жұмысымды мінсіз атқаруға тырыстым. Қазір үшінші жыл қатарынан қарауыл басшысымын. Бұл – маған артылған үлкен сенім.

 

Әріптестері Ләззат Қойшыбаеваны сенімді, жауапкершілігі мол, бірге жұмыс істеуге жайлы адам ретінде сипаттайды. Ал, басшылық болса оның қызметке деген шынайы ниетін, жаңаны үйренуге деген ұмтылысын және әр іске байыппен қарайтынын ерекше атап өтті.


 

Тағамбай ӘШІРБЕКОВ  «Қорғау Қызметі» ЖШС Жезқазған филиалының күзет бастығы

 

Ол өзін жұмыс жағынан жақсы жағынан көрсетіп, тек қана өз міндетін жақсы атқарып келе жатыр.  Біздің осы «Қорғау» Жезқазған филиалы бойынша іс-шараларға қатысады.  Спортивный мероприятиелерге қатысады.  Басқа осындай өтіп жатқан іс-шараларға қатысып, ат салысып отырады.

 

Кәсіпорын жылдар бойы кадрлық әлеуетін нығайтып, жаңа қауіпсіздік технологияларын жүйелі түрде енгізіп келеді.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу