ЖЕЗҚАЗҒАННЫҢ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жезқазған қаласы полициясының тарихы әріден бастау алады.Оның іргетасы 1928 жылы Қарсақбай кентіндегі милиция бөлімшесінен бастау алып, бүгінде 97 жылдық тарихы бар полиция басқармасына айналды.Салтанатты жиында Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Берік Әбен арнайы құттықтау сөз сөйлеп, полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Жиын барысында бірқатар қызметкерлерге Құрмет грамотасы, Алғыс хат, арнайы сыйақы, сондай-ақ ардагерлерге төсбелгілер мен марапаттар табысталды.


 

Берік ӘБЕН Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары

 

Құрметті полиция қызметкерлері және ішкі істер органдары ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын.Ардагерлерге өскелең ұрпаққа үлгі болған үшін,жас қызметкерлерге адалдық пен батылдықтары үшін ризашылығымыз зор.Сіздерге мықты денсаулық,отбасыларыңызға амандық,қызметтеріңізге сәттілік,еліміздің тыныштығын қорғауда табыс пен қажымас қайрат серік болсын.

 

Мерекелік шарада ұзақ жылдар бойы елге қызмет еткен ардагерлер еңбегі еленіп,марапатқа ие болды.Ал бүгінгі буын сол жолды абыроймен жалғастырып келеді.Солардың бірі«Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» аталымын алған Біржан Базарбаев. Ол ішкі істер саласында 25 жыл қызмет еткен.


 

Біржан БАЗАРБАЕВ «Ардагерлер қоғамына қосқан үлесі үшін» медалінің иегері

 

Жұмыста өте қиыншылықтар көп болды.Жұмыс саласы болғаннан кейін орган саласы өте қиын.Оңай емес.Таңертеңнен кешке шейін жұмыста жүреміз.Енді бүгін міні ардагер полиция күніне байланысты міні біржағынан осы менің ардагерге шыққанымды мені осындай елеп,полиция қызметкерлерінің алдында марапаттап жатыр,ризамын!

 

Бүгінгі буын да сол еңбек жолын лайықты жалғастырып келеді.Марапаттау рәсімі барысында қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосқан полиция қызметкерлері де назардан тыс қалмады. Олардың ішінде жедел уәкілдер, учаскелік инспекторлар, тергеушілер мен бейнебақылау қызметкерлері бар.

 

Сұлтан ӘБДІҒАЛИЕВ Жезқаған қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі

 

Қазіргі таңда біздің жұмысымыз жедел уәкіл болғандықтан,қылмыс болған жағдайда ең бірінші біз барамыз.Өйткені қылмыстың ізін Қазіргі таңда біздің жұмысымыз жедел уәкіл болғандықтан,қылмыс болған жағдайда ең бірінші біз барамыз.Өйткені қылмыстың ізін суытпай ашу біздің басты міндетіміз болады.0062 00:24-00:36 Осы келіп жеткен полиция күнімен шын жүректен барлық ұжымдастарымды құттықтаймын және барлық Қазақстан полицейлерін құттықтаймын және елге қызмет етуден шаршамаймыз,тоқтамаймыз.

Айгерім ТӨЛЕГЕНОВА Жезқазған қаласы ПБ ЖПҚ бөілімінің ЮПТ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспекторы

 

Барлық Ұлытау облысы полиция қзметкерлері осы мереке құтты болсын деп айтамыз.Жұмыстарына табыс тілеймін.Қала әкімдігіне үлкен рахметімізді айтамыз.Осындай сыйақы беріп жатқанына бізге полиция қызметкерлеріне.Алда үмітті ақтаймыз деп ойлаймыз.

 

Форма киген әр қызметкер – ел мүддесін қорғайтын азамат. Күн сайын қауіп-қатермен бетпе-бет келетін полицейлердің ерен еңбегі – құрмет пен алғысқа әбден лайық.


 

АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу