БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Алғыр,жіті,ізденімпаз,жылдам интеллекті жоғары. Міне осы қасиеттің барлығы БАҚ өкілдерінің бойында бар дүние.Әйтпегенде бұл салаға бет бұрмаушы да еді. Салтанатты басқосуда журналистиканың қоғамдағы рөлі мен маңызы айтылып, тілшілерге құрмет көрсетілді. Филиал төрағасы Эльвира Алпанбаева өңірлік журналистиканың өзекті мәселелеріне тоқталды.


 

Эльвира АЛПАНБАЕВА Қазақстан Журналистер одағының Ұлытау облысы бойынша филиалының төрағасы

 

Басты мақсатымыз –аймақтағы БАҚ өкілдерінің проблемаларын көтеру,  оның ішінде жас журнаслитердің аймақсатрға келмеуі, оларды оқыту,дамыту сол мәселелерді көтереміз. Аға буынмен кезедсеміз. Олардың ақылын тыңдаймыз. Енді мынау кәсіби мерекемен құттықтаймын.

 

Мерекелік кеш барысында ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одағының мүшесі Сара Смағұл «Қазақстанның құрметті журналисі» атағы берілді.  Сара Смағұл журналист – ақиқат сөздің, өткір ой мен шынайы пікірдің және әділ істің жақтаушысы болу керек дейді.


 

Сара СМАҒҰЛ Қазақстанның құрметті журналисі

 

Қойылатын талап керемет қой бұл мамандыққа, елдің алдында жүретін мамандық. Елдің сөзін сөйлейтін мамандық қой. Елдің құлағы, көзі. Әділдікке жақтайтын мамандық. Менің түсінуімше солай.

 

Сондай-ақ,аймақтың бірқатар тілшілері Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамотасы, «Қызмет» Салалық кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша филиалының Алғыс хатымен марапатталды. Айта кетейік, 2 тілші журналистер одағының мүшелігіне қабылданды.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ 


Пікірлер (0)

пікір қосу