ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

«EgovKzBot 2.0» Telegram платформасы арқылы Жезқазған қаласының №8 гимназиясына қатысты ата-анадан шағым түскен. Баласының құжаттарын қабылданбағанын хабарлаған.Тексеру барысында гимназия тарапынан көрсетілуі тиіс мемлекеттік қызмет мүлде ұсынылмағаны анықталды. Дәл осындай жағдай №4 және №22 жалпы білім беретін мектептерде де тіркелген.


 

Динара БАКИРОВА ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы

 

Жезқазған қаласының  №22 Жалпы білім беретін мектебі 4 өтініш бойынша бүгінгі күнге дейін қызмет алушыға ұсынылмағандығы анықталды.Департаменттің жедел ден қою шаралары нәтижесінде, қызмет алушының бұзылған құқықтары толықтай қалпына келтірілді,яғни білім алушы бірінші сыныпқа қабылданды.

 

Сонымен қатар, Ұлытау ауданының білім бөліміне жүргізілген жоспарлы тексеру кезінде де бірқатар заңбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтама беру» қызметі бойынша 19 өтініш тіркелмеген.Қазіргі таңда барлық өтініш иелеріне тиісті анықтамалар берілді. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында құқықтарыңыз бұзылған жағдайда департаментке тікелей немесе «Е-Өтініш» жүйесі арқылы шағымдануға болатынын еске саламыз.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,  ДУМАН ОРАЗОВ

«ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

 


Пікірлер (0)

пікір қосу