ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Жалпы, Ұлытау обылсы- еліміздегі өндірістік әлеуеті жоғары өңірлердің бірі. Өндірістің қарқынды жүруі экология мәселесін де алдыңғы қатарға шығарып отыр. Есепті кезеңде мемлекеттік экологиялық бақылау аясында профилактикалық бақылау тізіміне 14 нысан енгізілген. Оның 9-ы бойынша бақылау шаралары аяқталды. Сонымен қатар, 3 жоспардан тыс тексеру жүргізілген.


 

Шабдан ТЫНЫМБАЕВ Ұлытау облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.

 

Олар: «Қазақмыс Дистрибьюшн» ЖШС,«Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны» АҚ, Қаражал қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорны.Осы мекемелерді тексеру барысы бойынша және қорытындысы бойынша жалпы сомасы 395 млн 812 мың 447 теңге айппұл салынып мемлекет пайдасына 35 млн 456 мың 882 теңге өндірілініп алынды.

 

Ал облыс аумағында анықталған 133 заңсыз қоқыс орнының 15-і жойылып, қалғандары департамент бақылауында.Штаттан тыс жағдайлар мен атмосфералық ауаның жоғары немесе экстремалды ластану деректері де тіркелмепті. Мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Қоршаған ортаға эмиссияларды автоматты түрде бақылауға міндетті 6 кәсіпорынның 5-інде бұл жүйе орнатылды. Енді бұл көрсеткіштер күнделікті қадағалауда. Жүйе шекті мәннен асып кеткен жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады деді Шабдан Тынымбаев.Ал 29 наурыздан бастап облыста “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кең көлемде сенбіліктер өтіп жатыр.


 

Шабдан ТЫНЫМБАЕВ Ұлытау облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.

 

Бағдарлама аясында тазалық жұмыстарына 27 мыңнан аса адам қатысып, 398 бірлік мамандырылған техника жұмылдырылды.Нәтижесінде 2037 тонна қоқыс шығарылды, 6400 түп көшет отырғызылды.

 

Сондай-ақ, департамент зертхана ашуға дайындық үстінде. Бұрынғы ветеринарлық зертхана ғимаратын бейімдеу мәселесі жергілікті әкімдік пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолданған.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу