ЭТНОМЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ ҚҰРАЛЫ
Ulytautv 02-июл, 11:35 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Этномедиация — этносаралық татулықты нығайтып, туындауы мүмкін келіспеушіліктерді келісім арқылы шешуге көмектесетін маңызды құрал. Семинар- тренинг барысында осы бағыттағы озық әдіс-тәсілдер, тәжірибелер мен практикалық шешімдер талқыланды.Қатысушылар нақты жағдайларды талқылап, тәжірибелік жаттығулар орындап, кәсіби медиатордан кеңес алды.
Еркебұлан ӘЛІМБЕТ кәсіби медиатор
Этномедиаицяның ерекшеліктері өте көп.Мысалы этнос деп халықтың салты,дәстүрі, үрдісі,өмір салты деген сияқты осыған байланысты біз бірнеше тақырыптарды талқылайтын боламыз. Сол тақырыптардың ішінде медияцияға тиісті халық достығы, елдесу,татуласу сияқтарды тақырыптарды түсіндіргелі тұрмыз. Жалпы мұнымен тоқтамайды деп ойламын. Халық ассамблеясы өткізіп жатқан семинарлар елімізге үлкен үлесін қосады деп ойлаймын.
Семинар қатысушылары этномедиацияны меңгеру қоғамдағы тұрақтылықты сақтап қана қоймай, түрлі мәдениеттер арасындағы диалогты тереңдетуге ықпал ететінін айтты. Алынған білім мен тәжірибе өңірдің дамуында маңызды рөл атқармақ.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ