Жезқазғандағы жәрмеңке
Ulytautv 07-апр, 13:57 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ / ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫ
Әлеуметтің әлеуметтік ахуалына жәрдем болсын деген мақсатта қолға алынған шара дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Аталған жәрмеңкеге жаңаарқалық шаруалар мен кәсіпкерлер 10 тоннаға жуық ет, сүт өнімдерін алып келген.
Сәрсенбек Баязитов, Жаңаарқа аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы
Мұндағы сауда – нарықтағы бағадан 15 пайызға төмен. Тұрғындар қос бүйірден қысып тұрған қымбатшылық кезде жәрмеңкенің маңыздылығы мол дейді.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшылығының жәрмеңкені апта сайын ұйымдастырмақ ниетте. Айта кетейік, жәрмеңке өтетін «Нарық» алаңы Жезқазған қаласындағы С.Сейфуллин көшесі 12 мекен жайында орналасқан.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов
«ҰЛЫТАУ» телеарнасы