ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

 «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясының деректеріне сүйенсек, 2024-2025 жылдары Ұлытау облысы бойынша рұқсат етілмеген 133 қоқыс алаңы тіркелген. Оның 7-еуі – Сәтбаев қаласында, ал 126-сы – Жезқазған қаласының аумағында. Қазіргі таңда 15 қоқыс нүктесі жойылды. Сәтбаев қаласындағы барлық 7 нүкте тазаланса, Жезқазған қаласында 8 нүкте жойылған.


 

Әділ ТЕМОХАНОВ қалалық тұғын-үй коммуналдық шаруашылығы  бөлімінің маманы

 

Ағымдағы жылы қаламыздағы рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын тазартуға 27 млн көлемінде ақша бөлінді. Жыл басынан бері облысымызда  бас-аяғы 137 рұқсат етілмеген қоқыс алаңы бар.  Жылдың аяғына дейін 50-ге жуық қоқыс алаңын тазартамыз деген ойдамыз.

 

Аталған мәселе бойынша бұған дейін Жезқазған қаласының әкімдігіне, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жауапты тұлғаларына қатысты әкімшілік істер қозғалып, айыппұлдар салынған. Тиісті қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.


 

Шабдан ТЫНЫМБАЕВ экология департаменті басшысы орынбасарының м.а.

 

Осы жұмыстың атқарылу барысында экология департаментімен жол  картасы жасалған болатын.  Қазіргі таңда осы жұмыс жүру барысында қазір өздеріңіз көріп тұрғандай. Енді бұл ҚР Экология кодексінің  365 бабының 4,5 тармағына байланысты қаланың коммуналды қоқыстарын  орналастыру, орын-орынына қою бұл жергілікті тақарушы органдардың  құзіретіне жатады. 

 

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, қалдықтарды арнайы белгіленбеген орындарға тастағандар үшін Жеке тұлғаларға – 50 айлық есептік көрсеткіштен бастап, лауазымды және шағын кәсіп субъектілеріне – 100 айлық есептік көрсеткішке дейін  ал орта және ірі кәсіпкерлік үшін – бұзушылық нәтижесінде алынған пайданы есепке ала отырып, 100-200 пайыз көлемінде айыппұлдар қарастырылған.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу