БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Ulytautv 02-июл, 11:45 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Кездесу барысында қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жастар арасындағы есірткіге әуестік, интернет алаяқтықтың артуы, сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу жайы сөз болды. Қатысушылар бұл қауіптермен күресуде ақпарат құралдарының, әсіресе әлеуметтік желілердің ықпалы зор екенін атап өтіп, халықты дер кезінде, нақты әрі түсінікті ақпаратпен қамтамасыз етудің маңызын айтты.
Нұрбол НҰРМАҒАНБЕТ Ұлытау облысы прокуратурасының 1-Басқарма прокуроры
Прокуратура өкілдері өз тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен ақпарат беріп, қылмыстың алдын алуда қоғаммен бірлесіп әрекет етудің маңызын жеткізді.Азаматтардың құқықтық сауаттылығы артқан сайын заң бұзушылықтар да азаятыны белгілі. Кездесуге қатысқан тілшілер мен блогерлер де халыққа шынайы әрі уақытылы ақпарат жеткізудің маңызын айтып, прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.Осындай ашық алаңдағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, уақыт талабына сай нақты ұсыныстар мен тиімді шешімдер қабылдауға негіз болмақ.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ