ҚАУЫН ҚАРБЫЗ ҚАУІПТІ ЕМЕС ПЕ?
Ulytautv 03-июл, 12:05 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Нитраттар-өсімдіктің өсуін жеделдететін азотты қосылыс.Шамадан тыс қолданылған жағдайда, олар адам ағзасына түсіп, нитритке айналады. Бұл -қанайналым жүйесіне әсер етіп, оттектің тасымалдануын тежейді.Әсіресе балалар мен иммунитеті әлсіз адамдар үшін аса қауіпті.Мамандардың айтуынша,қауын-қарбыздан улану деректері жыл сайын тіркеліп отырады,сондықтан көкөністер мен жемістерді тұтынбас бұрын алдымен ас содасына кемінде 30 минутқа салып, кейін ағынды сумен жақсылап шайып алу қажет.
Орынай ЖҰБАТОВА санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Жеміс-жидектердің сырты көздің жауын алса да, олардың сапасына көз жеткізу маңызды. Базардан алынған өнім сапасына күмән туса, сатушыдан зертханалық тексеруден өткені жөніндегі құжатты талап етуге толық құқығыңыз бар.Ал қарбызды таңдау кезінде оның қабығы бүтін, сыртқы түсі табиғи болуы керек. Иісі мен құрылымына да мән берген жөн.Егер кесілген қарбыздың түсі тым қызыл, ал иісі күмәнді болса одан бас тартқан дұрыс.
Орынай ЖҰБАТОВА санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Бақша өнімдерін термиялық өңдеу де нитрат мөлшерін азайтады. Сондықтан бақша өнімдерін ыстық сумен жуу немесе қайнаған суға салып қою арқылы құрамындағы заттарды азайтуға болады.Ал егер өнім тұтынғаннан кейін әлсіздік, жүрек айну немесе басқа белгілер байқалса-дереу медициналық көмекке жүгінген жөн.
НАУБАЙХАНАЛАРДАҒЫ НАН ҚҰРАМЫНДАҒЫ
ТҰЗ МӨЛШЕРІ БАҚЫЛАУДА
Денсаулыққа қауіп төндіретін тағы бір азық-күнделікті тұтынатын нан өнімі. Оның құрамындағы тұз мөлшері де белгіленген шектен асып жатса, ағзаға айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары бұл мәселені де назарда ұстап отыр.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы нанның 100 граммында тұз мөлшері 1 грамнан аспауы қажет екенін нақты көрсеткен. Алайда соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда әр адам күніне шамамен 17 грамм тұз тұтынады. Бұл ұсынылған мөлшерден үш есе артық.
Орынай ЖҰБАТОВА Ұлытау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Сарапшылардың мәліметінше, қазіргі таңда тұз тұтынудың 80 пайызы «жасырын тұз», яғни өңделген өнімдер арқылы ағзаға түседі. Бұған шұжық, ірімшік, чипсы, фастфуд, тіпті нан өнімдері де кіреді. Артық тұз ағзадағы кальцийді тез шығаруға себеп болып, сүйек пен бүйрек саулығына кері әсер етеді.Әр өнімнің құрамына назар аудару, тұзды саналы тұтыну-өз денсаулығыңызға жасалған қамқорлық. Айта кетейік, санитариялық-эпидемиологиялық департамент мамандары наубайханаларға тұз мөлшерін азайту бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, ДУМАН ОРАЗОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ