«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Соңғы 3 жылда ұлттық байқауда аудан бойынша 22 отбасы бақ сынаған. Ал, биылғы байқауға 7 өтініш келіп түскен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі отбасылық сайысқа жыл санап қызығушылық артып келеді.


 

Аманжол МЫРЗАБЕКОВ Ұлытау ауданының әкімі

 

Аталған жобаға аудан тарапынан арнайы жүлде тағайындалады жыл сайын.Осындай үлгілі әулеттер қоғамда ұрпақтар сабақтастығын сақтауға ықпал етеді. Халқымызда ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің деген қанатты сөз бар. Себебі отбасында қалыптасқан өнегелі тәрбие қоғамда өнегелі орнын қалыптастырады.

 

Ұлттық конкурстың Ұлытаудағы іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Егінді ауылының Қазыбаевтар отбасы, Қоскөл ауылынан келген Жүсіповтер отбасы жүлделі ІІІ орынды, Байқоңыр ауылынан қатысқан Бірмағанбетовтер әулеті ІІ орынды,Ұлытау ауылынан келген Кенжебаевтар отбасы І орынды иеленді. Мибұлақтың намысын қорғаған Есімсейтовтер әулеті бас жүлдеге лайық деп танылды.


 

Жалғас ЕСІМСЕЙТОВ бас жүлде иегері

 

Мерейлі отбасына қатысып отырмыз,ертең жоғары облысқа барамыз. Балықтарыңызға амандық тілеймін.Отбасы аман, ден сау бослын.

 

Ажар БАЛАБАЕВА I орын иегері

 

Сайыс өте кең ауқымды, тәрбиесі мол, кейінгі ұрпаққа үлгі болады деген ойдамыз. Бәріміз қолдаймыз,қуаныштымыз. Бүгін әулетте үлкен қуаныш. 1 орын алдық мерейлі отбасынан. Отбасымызда 7 келін бар, 11 бала өсірді ата-енеміз. Өте қуаныштымыз.

 

Айта кетейік, байқаудың аудандық кезеңінде  І орын және бас жүлдеге ие болған отбасылар облыстық додадаға жолдама алды.  Ал қалған қатысушыларға «Берекелі әулет», «Өнегелі жас отбасы» сынды номинациялар табысталып, барлығына ақшалай сыйлықтар берілді. Мерелік шара жергілікті өнерпаздар дайындаған концертпен түйінделді.


 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ

 

 


Пікірлер (0)

пікір қосу