СЕССИЯ ОБЛАСТНОГО МАСЛИХАТА
Ulytautv 03-июл, 13:59 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Сессия жұмысына облыс әкімі Дастан Рыспеков, әкім орынбасарлары, қала әкімі мен аудан әкімдері, басқарма басшылары қатысты. Алдымен,әдеттегідей күн тәртібі бекіді. Одан кейін есеп комиссиясы сайланды. Жиында депутат Абзал Абжаппаровтың өмірден өткеніне байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралып, оның орнына «AMANAT» партиясынан Жанагүл Болатбекова ұсынылып, мәслихат құрамына енгізілді.
Жиында Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөнінде облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі 176,1 миллиард теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан. 2024 жылы 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге айрықша мән берілді. Білім беру саласында да ілгерілеу бар. Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында облыс аумағында 3,5 миллиард теңгеге 2900 бейнебақылау камерасы орнатылды. Нәтижесінде жыл басынан бері қылмыс деңгейі 11,7 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, әкім өз есебінде экономика, инвестиция, индустриялық аймақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және туризм салаларындағы жетістіктерге де тоқталды.
Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі
Сессия барысында 2024 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы айтылып, 2025 жылға арналған су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілді. Баяндамаға сүйенсек жергілікті бюджеттің кіріс базасын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Сондай-ақ, облыстық бюджет шығыстарының құрылымы да айтылды.
Жәнібек Нөпіров Ұлытау облысы әкімінің орынбасары
Сессияда бірқатар бұрынғы шешімдерге өзгерістер енгізілді. Амбулаториялық ем кезінде әлеуметтік осал топтарға берілетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты шешім жаңартылды. Сондай-ақ музей-кітапхана, театр және концерттік қызметтер жөніндегі көркемдік кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Облыстық терроризмге қарсы комиссия және тұрақты әлеуметтік комиссия құрамына өзгерістер мен жылу маусымына дайындық қағидаларына толықтырулар енгізіліп, қысқы кезеңде тұрғындарды үздіксіз жылумен қамту мәселесіне мән берілді.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ