ЖЕЗҚАЗҒАНДЫҚ СПОРТШЫ

Ұлытау ТВ жаңалықтары

Оразхан  Ергеш – қазақстандық және халықаралық спорт аренасында көзге түскен спортшы. Ол Жезқазған қаласында дүниеге келіп, мектеп қабырғасында жүріп-ақ боксқа ден қойған. 2009 жылы алғаш рет рингке шыққан Оразхан сол кезден бастап өз шеберлігін шыңдаған. Қарағанды қаласындағы Әлия Молдағұлова атындағы арнайы спорт мектебіне қабылданып, тәжірибелі бапкер Мейрам Әлюбаевтан тәлім алды.


 

Оразхан ЕРГЕШ  ҚР бокстан спорт шебері

 

Бокспен айналысқаныма 14 жыл болды.  Боксты осы Жезқазған қаласынан бастаддым.  Спорттағы жетістіктерімді айта кетер болсам 2014 жылы Қазақстан чемпионатын жеңдім Қызылорда қаласында болған.  Содан кейін әлем чемпионатына қатыстым.  Және де Россияда, Қытайда болып жатқан халықаралық турнирлардың жеңімпазы, қола жүлдегері болдым.

 

2018 жылы Қарағандыда  Бөкетов атындағы университетті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша аяқтады. 2022 жылдан бастап кәсіпқой боксқа бет бұрып, RUH Fighting Championship лигасына өтті. Қазір 61 келі салмақ дәрежесінде осы лиганың чемпиондық белдігін иеленіп отыр. Үш жекпе-жектің үшеуінде де жеңіске жетіп, ешбір қарсыласына есе жібермеген.


 

Оразхан ЕРГЕШ  ҚР бокстан спорт шебері

 

Қазіргі таңда жаттықтырушы болып жұмыс атқардым.  6 жастан бастап үлкен кісілерге дейін, әйел кісілерге дейін жаттықтырамын.

 

Оразхан  Ергеш – жастарға үлгі боларлық спортшы. Оның табандылығы мен еңбегі бүгінде жас буынды армандарына сенуге және сол жолда аянбай тер төгуге шақырады.


 

АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЗАТ ӘУЕХАНОВ

«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ


Пікірлер (0)

пікір қосу