МЕЙІРГЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Ulytautv 04-июл, 12:20 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Салима Шатенова Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Мектепті тәмамдаған соң туған ауылындағы ауруханада санитар болып еңбек жолын бастаған. Кейін Жезқазған қаласына қоныс аударып, қалалық аурухананың ота бөлімінде жұмыс істейді. 1993 жылы медициналық училищеге оқуға түсіп, 1995 жылы акушер және жалпы мейіргер мамандықтарын меңгеріп шығады. Перзентханада акушер, хирургияда медбике болып еңбек еткен ол бүгінде-көпбейінді аурухананың қабылдау бөлімінде аға мейіргер.
Салима ШАТЕНОВА аға мейіргер
Қабылдау бөлімінің жұмысы жүйелілік пен нақты әрекетті талап етеді. Мұнда күн сайын ондаған науқас түседі. Барлығы тряж жүйесіне сай сұрыпталады: ауыр жағдайдағы науқастар «қызыл аймаққа», жедел көмекті қажет ететіндер «сары аймаққа»,ал жеңіл жағдайдағы азаматтар «жасыл аймаққа» жіберіледі. Аға медбике осы процестерді үйлестіріп, бөлімнің қалыпты жұмысын қамтамасыз етеді.
Салима ШАТЕНОВА аға мейіргер
Салима Шатенованың қолынан ем алған азаматтар оны көрген сайын ерекше ықыласпен сәлем беріп, алғыс айтатындар да аз емес екенін айтады.Қиын сәтте науқастың жанынан табылып, жақсылықта бірге қуану-оның кәсіби жолының ажырамас бөлігі. Жас мамандарға да ақыл-кеңесін беріп, қабылдау бөлімінен қорықпауға шақырады. Өйткені дәл осы бөлім-медицинаның алғашқы әрі ең жауапты баспалдағы.
АЙДАНА БАЗАРБАЙҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ