ПОЭЗИЯ ДОДАСЫ РУХАНИ ТАҒЗЫМ
Ulytautv 04-июл, 13:32 0 ЖАҢАЛЫҚТАР / ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ
Іс-шараны Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Ұлытау облыстық әмбебап кітапханасы ұйымдастырды. Жыр додасына Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан 16 мен 40 жас аралығындағы 13 ақын қатысып, өз туындыларын ұсынды.
Жанат ӘБДІҒОЖИН қазылар алқасының төрағасы
Мүшәйра қорытындысы бойынша 5 қатысушы басқарманың Алғыс хатымен марапатталса, екі жас ақын ынталандыру сыйлығына ие болды. Арнайы жүлде де өз иесін тапты. Үшінші орынды – № 133 мектептің мұғалімі Қымбат Ақботина, екінші орынды Абай атындағы мамандандырылған мектеп интернатының оқушысы – Көшербай Мақпал, ал бірінші орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 1 курс студенті – Алпыс Амандық иеленді. Бас жүлде ақындық шеберлігімен ерекшеленген № 3 мектеп ұстазы Ақниет Тағыбергенге бұйырды. Барлық жүлдегерлерге арнайы ақшалай сыйлықтар табысталып, қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Ақниет ТАҒЫБЕРГЕН бас жүлде иегері
Ақынның «Жүректегі жазулар», «Ана жүрегі» атты жыр жинақтары — қазақ оқырманының жүрегінен орын алған. Нұрәсила Бәрменбаева – тек Жезқазған өңіріне емес, елімізге танылған тұлға. Мүшәйра алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, АЗАТ ӘУЕХАНОВ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ